Видео

Әскери ұшқыштар елорда аспанында мемлекеттік туды алып өтті – видео

Қазақстан әскери-әуе күштерінің экипаждары елорда аспанында мемлекеттік туды алып өтті
Sputnik
Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Осылайша ұшқыштар "Менің туым – менің Отаным" акциясына қатысты.
Айта кетері, биыл 16 желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстанның жоғары кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдады.
1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Жалғыз кандидат Нұрсұлтан Назарбаев 98,78 процент дауысқа ие болды. 
10 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-дың атауын "Қазақстан Республикасы" деп өзгерту туралы заңға қол қойды. Ал Жоғарғы кеңес оны Қазақстан Республикасының президенті ретінде бекітті. Тура алты күннен кейін 16 желтоқсанда елдің мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Араға бес ай салып, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы күштері құрылды.