Қоғам

Жандарбек Бекшин мен Ұлықбек Есдәулет мемлекеттік награда алды

Жандарбек Бекшин "Парасат" орденімен, Ұлықбек Есдәулет ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Марапатты мемлекет басшысының атынан сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырды.
"Бұл наградаларды сіздердің елімізді өркендету жолындағы еселі еңбектеріңізге берілген лайықты баға деп қабылдаңыздар. Тіпті бүкіл Алматының жұмысына берілген баға деуге де толық негіз бар. Елге сіңірген еңбек ешқашан елеусіз қалмайды ", - деді Әшімбаев.

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды:

"Парасат" оденімен марапатталды:

"Құрмет " орденімен марапатталды:

Сонымен қатар әртүрлі салада қызмет етіп жүрген бірқатар азаматқа ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы", "Ерен еңбегі үшін" ордені табысталды.