Экономика

"Өзбекстан үлгі бола алады": Назарбаев Әзербайжанға қандай ұсыныс айтты

Елбасы Әзербайжанға Өзбекстаннан үлгі алуға кеңес берді, ол Өзбекстанның ЕАЭО-ға бақылаушы ретінде қосылғаннан көп нәрсе ұтқанын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжанға ЕАЭО-ға бақылаушы мемлекет ретінде қосылуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Назарбаев пандемиядан туындаған әлемдегі сын-қатерлерді еңсеру үшін ЕАЭО елдеріне бұдан да етене ынтымақтастық қажет екенін атап өтті.
Елбасы көрші Өзбекстанның ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алуы айрықша оқиға болғанын айтты. Осы орайда Назарбаев Әзербайжанға одаққа бақылаушы мемлекет ретінде қосылуды ұсынды.
"Мен Армения мен Әзербайжан арасында көпжылдық араздықтан кейін қарым-қатынастың жолға қойылғанына шын жүректен қуаныштымын. Бәріміз солай ойлаймыз деген үміттемін. Бұған дейін айтқандай, Әзербайжанмен бақылаушы мемлекет ретінде қосылуға келіссөз жүргізу мүмкін деп санаймын", - деді Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында.
Бұл ретте Елбасы Әзербайжанға Өзбекстаннан үлгі алуға кеңес берді. Айтуынша, Өзбекстан ЕАЭО-ға бақылаушы ретінде қосылғаннан көп нәрсе ұтты.
10 желтоқсанда ЕАЭО елдері басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Шара онлайн форматта өтіп жатыр.
Оған Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрғасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭС жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысып жатыр.