Осыдан тура 30 жыл бұрын дәл осы күні Қазақ КСР-нің атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
"Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің мемлекеттік шекаралары нақты белгіленді. Қоғамда бейбітшілік пен келісімнің бірегей үлгісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Қазақстан қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан бас тартты", - делінген бейнероликте.
Архив бейнематериалдарымен толықтырылған тарихи дата мен Елбасының ел дамуына қосқан үлесі жайлы видеодан көре аласыздар.