НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиынға қатысушылармен қол бұлғап қоштасты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін, 10 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.
Мемлекет басшылары іс-шарада бейнебайланыс режимінде сөз сөйледі.
Жиын соңында Тоқаев ЖЕЭК құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа отырысқа қатысқаны үшін алғыс айтты.
Осы сәтте Елбасы қатысушыларға қол бұлғады. Оның ишараты елеусіз қалмады: Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те Назарбаевқа қол бұлғады.
Артынша Ресей президенті Владимир Путин де қолын көтерді.
Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы ретінде қызмет етуге дайын екенін айтты.
ЖЕЭК отырысына ЕАЭО жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников та қатысты.