Оқиға

Банктен миллиондаған доллар жымқырғаны үшін іздеуде жүрген ер адам Ресейде ұсталды

"РБК банкінің" 15 миллион доллар кредит қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Sputnik
АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. "РБК банкі" ісі бойынша іздеуде болған азамат Ресейдің Мәскеу облысында ұсталды, деп хабарлады Қазақстан қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
1987 жылы туған Валерий Власовқа қатысты "Банк РБК" АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредит қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ер адамның 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болғаны хабарланды.
Қазір оны Мәскеу облысының ішкі істер органдары қамауға алды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: