Өңірлер

Жел, тұман: 10 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 10 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады. 
Ауқымды антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек Қазақстанның батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ҚР батысында жаяу бұрқасын, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде тұман, күндіз Алакөл көлдерінің ауданында желдің 18-23 м/с. күшеюі күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және тау бөктерлі аудандарында тұман,  облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жаяу  бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, шығыс және орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында және орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде және оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.  

Оқи отырыңыз: