Қоғам

Қазақстан тағы 5 мемлекеттің вакциналау паспортын мойындады

Қазақстанның вакциналау паспортын әлемнің 21 мемлекеті мойындаған, ал Қазақстан үшін вакциналау құжаты жарамды елдер қатары тағы 4 мемлекетпен толықты
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан тағы бес шет мемлекеттің вакциналау паспортын мойындады, делінген бас мемлекеттік санитар дәрігердің хабарламасында.
Осылайша Қазақстанда вакциналау паспортын мойындаған елдер қатарына Канада, Армения, Черногория, Чехия және Жапония қосылды.
Бұған дейін Қазақстан мен Индонезияның вакциналау паспорттарын өзара мойындайтыны хабарланды.
Қазірге дейін Қазақстан үшін 25 елдің вакциналау паспорты жарамды:
Сонымен қатар қазақстандық вакциналау паспортын әлемнің 21 елі мойындайды: Аргентина Республикасы, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Индонезия, Иордания, Қырғыз Республикасы, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Перу Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Сербия Республикасы, Тунис Республикасы, Үндістан Республикасы, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы.
Оқи отырыңыз: Қазақстан вакциналау қарқыны бойынша ТМД-да көш бастап тұр – Мамин