Қоғам

Қазақстанда "омикрон" штамы бар ма – Цой жауап берді

Цой министрлік коронавирус штамдарына тұрақты түрде мониторинг жасайтынын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда коронавирустың "омикрон" штамы анықталған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Цой министрлік коронавирус штамдарына тұрақты түрде мониторинг жасайтынын атап өтті.
"Коронавирустың жаңа "омикрон" штамының пайда болу қаупін ескеріп, Алматы қаласында осы штамға тән мутацияның бар-жоғына ПТР-скрининг жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша "омикрон" штамы анықталған жоқ", - деді Цой үкімет отырысында.
Айтуынша, елдің бүкіл өңірінен алынған оң сынамаларды толық геномды секвенирлеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: