Қоғам

Бір облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді

"Сары" аймақта 5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бір өңірі "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінгі таңда Ақмола облысы "қызыл" аймақта", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында.
"Сары" аймақта 5 өңір – Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.
Қалған 11 өңір мен тұтастай алғанда Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Цойдың айтуынша, республикада соңғы екі апта ішінде вирус жұқтыру деңгейі 28%-ке төмендеген.
Оқи отырыңыз:
Вакцина салғызғандар баса мән беруге тиіс симптомдар аталды