НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысында әйел ер адамға пышақпен шабуылдаған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Железнодорожное ауылының 30 жастағы тұрғыны жарақат алды.
Қарасу ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Тергеу барысында 46 жастағы әйел мас күйінде ер адамға пышақ жарақатын келтіргені анықталды. Мәлім болғандай, бұған дейін ер адам оның ұлын ұрып-соққан.
Зардап шеккен ер адам Әулиекөл аудандық аураханасына жеткізілді.