Өңірлер

Шымкентте еуропалық стандартқа сай зауыттың құрылысы басталады

Әкімнің сөзінше, зауыттың ауданы 22 гектар. Қалалық әкімшілік жер учаскесін бөлді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қалада қоқыс өртейтін зауыт қашан іске қосылатынын айтты.
"Мердігер қатты тұрмыстық қалдықтарды өртейтін зауыт құрылысын 2022 жылы бастауға уәде барді. Ол 2024 жылы аяқталады деп жоспарланған. Зауыт жылына шамамен 2000 тонна қоқыс өртуге қауқарлы", - деді Әйтенов.
Әкімнің сөзінше, зауыттың ауданы 22 гектар. Қалалық әкімшілік жер учаскесін бөлді. Қазіргі күні экологиялық мәселелерді қамтыған жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.
Мәселен биыл экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі энергетикалық утилизацияға жатпайтын қалдықтар тізімін бекітті.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен, Қарағанды қалаларында Wаstе to Energy механизмін енгізу аясында еуропалық стандарт бойынша қоқыс өртейтін зауыт салу көзделген.

Оқи отырыңыз: