Қоғам

"Көк" статустағылар сауда орталықтарына қашан еш шектеусіз кіре алады

Қазір Ashyq-та "жасыл" статусы бар азаматтар қоғамдық орындарға, мәселен сауда ойын-сауық орталықтарына емін-еркін кіре алады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq-та статусы "көк" азаматтар үшін шектеулер қашан алынып тасталатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір Қазақстанда ұжымдық иммунитетке қол жеткізу жұмысы жалғасып жатыр.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, осы жылдың соңына дейін бүкіл халықтың 40%-і, ал келесі жылдың ортасына дейін 70%-і коронавирусқа қарсы вакцина алуы керек. Егер осы процентке қол жеткізсек, жалпы әлемде коронавирус маусымдық инфекцияға айналады", - деді Цой мәжіліс кулуарында.
Айта кетері, қазір Ashyq-та "жасыл" статусы бар азаматтар қоғамдық орындарға, мәселен сауда ойын-сауық орталықтарына емін-еркін кіре алады. Ал "көк" статустағылар медициналық қарсы көрсетілімі туралы анықтама немесе теріс нәтижелі ПТР тест көрсетуге тиіс.

Жаңа штамм

Қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында коронавирустың жаңа штамы анықталған болатын.  
Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вирус ауырып жазылғандар мен екпе алғандардың антиденесін айналып өтуі де мүмкін. Әзірге зерттеудің нақты нәтижесі шыққан жоқ.
Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен адам кіргізуге тыйым салып отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Оқи отырыңыз: