Қоғам

Қазақстанда қауіпті патогенді ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Заң жобасының басты мақсаты – биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстанның биологиялық қауіпсіздігі туралы заң жобасы мен оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, заң жобасының басты мақсаты – биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау, оларды болдырмау және алдын алу.
"Биологиялық қауіп-қатерлердің негізгі көздері мыналар болып саналады: аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары, халық пен жануарлардың белсенді қозғалысының, тауар айналымының нәтижесінде қауіпті инфекциялардың әкелінуі", деді министр мәжіліс отырысында.
Ілеспе заң жобасында Қазақстанда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру мақсатында реттеушілік тетіктерді жетілдіру және талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілік белгілеу көзделген.
Атап айтқанда, қауіпті патогендерді заңсыз қолданғаны, өткізгені және ұрлағаны үшін, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соқтырған, олармен жұмыс істеу талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр.
Бұдан бөлек:
Министрдің айтуынша, заң жобасы қолданысқа енгізу үшін алты айлық өтпелі кезең, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсетуге лицензияны ресімдеу үшін қосымша 6 ай қарастырылған.
Мәжіліс депутаттары қос құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.

Оқи отырыңыз: