НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Comirnaty (Pfizer) препаратымен вакциналау ережесі өзгеріс енгізді. Екпе салдыратындардың қатарына Қазақстанда тұратын шетелдік жасөспірімдер де қосылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осылайша коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын салдыратындардың қатары көбейді.
Олар:
"Сондай-ақ, Қазақстан аумағында үш ай және одан көп уақыт үздіксіз оқитын және тұратын шетелдік студенттер де коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауға жатады", - делінген қаулыда.
Ал вакциналаудың алдында адамның коронавирусты инфекция жұқтырғанын және коронавирусқа қарсы антиденелер бар-жоғын анықтау жүргізілмейді.