Өңірлер

35°C-қа дейін аяз: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райына болжам жасады

10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік шығысында ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 9-11 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын болжады.
Синоптиктердің мәліметінше 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында қалып, ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Осылайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 30 градусқа дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градусқа дейін төмендейді деп болжанып отыр.
Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аймағынан ығысатын циклон әсер ете бастайды. Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығысқа қарай ауысады, жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады, жел 15-25 м/с күшейеді.
11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10, кей жерлерде 15-20 градусқа дейін төмендейді, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр.

Оқи отырыңыз: