Видео

Тұрғымбаев ішкі істер министрлігінде қандай өзгерістер болатынын баяндады – видео

Iшкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесіп, ведомствода жоспарланған өзгерістер туралы баяндады
Sputnik
Министр кеңес мүшелерін ішкі істер органдары жүйесін жаңғырту, полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, "Жұртқа жақын полиция" қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу бойынша "Police 102" қосымшасын пайдалану, электронды әкімшілік және сотқа дейінгі іс жүргізу және өзге де шаралармен таныстырды.
Тұрғымбаев қазіргі уақытта ІІМ халыққа электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің деңгейі 95%-ке жеткізілгенін атап өтті. Олардың ішіндегі ең кең таралғаны – көлік құралдарын банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеу және тіркеу. Қазір мұндай қызмет бірқатар екінші деңгейлі банктің қосымшасында қолжетімді, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.
Сондай-ақ пенитенциарлық жүйені жаңғырту, сотталғандардың құқықтық жағдайын, оларды ұстау жағдайларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралық апарат берілді.
Қазіргі уақытта министрлік жұмыс істеп тұрған колониялардың аумағында жаңа тұрғын блоктарын кезең-кезеңімен салу және қолданыстағы ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстарын бастады. Сонымен қатар алдағы 3 жылда Алматы, Ақтөбе, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 4 мекеме салу мәселесі пысықталуда.