НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты биыл жаңа туған нәрестелерге ең көп қойылған есімдерді жариялады.
2021 жылы Нұр-Сұлтанда қыздар арасында ең танымал есім Айлин болды. Бұл есім елордада дүниеге келген 437 нәрестеге берілді. Одан кейінгі орында – Медина, бұл есіммен 414 сәби тіркелді.
Ал ұлдар арасында Әлихан есімі қатты танымал. Жаңа туған 360 нәрестеге осы есім қойылды.
Қыздарға жиі қойылған есімдер
Жиі кездесетін ұл бала есімдері
Әкімдік ақпаратынша, биыл қалада некені ресми тіркеген жаңа отбасылар саны да өсті. Есептік кезеңде 11 289 жұп отбасын құрды. 2020 жылы 9 571 неке тіркелген болатын.
Сарапшылардың айтуынша, қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінде жас жұбайлардың орташа жасы – 26-28 жас, ал төрт-бес жыл бұрын ол 22-23 жасты құраған еді. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге ересектер де – 50-60, тіпті 70 жастағылар да шаңырақ көтеріп жатады.
Аудандық әкімдіктердің АХАТ бөлімдерінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтарынан 30 қарашасына дейін елордада 32 146 бала туу туралы куәлік алды. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде қалада 29 083 сәби дүниеге келді.