НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Испанияда өткен гандболдан әлем чемпионатында Қазақстанның ескі әнұраны ойналды.
Ескі әнұран Қазақстан мен Иран қыздар құрама командалары матчының алдында қосылды. Алғашында қазақстандық гандболшылар абдырап қалды, алайда көп ұзамай жаңа әнұранды әуенсіз өздері орындап шықты, деп хабарлады sports.kz.
Бұл ойында Қазақстан Иран командасын 31:25 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының негізгі кезеңіне шықты. Негізі кезеңде Қазақстан Германия, Венгрия және Чехия командаларымен ойнайды.