Оқиға

Ақмола облысында үш көлік соқтығысты – зардап шеккендер бар

Апат салдарынан ауруханаға үш автокөліктің жүргізушісі мен жеті жолаушы жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының Аршалы ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсан күні сағат 17:05-те Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Екатеринбург-Алматы автожолының 1318 шақырымында Шөптікөл бекетінің маңында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Toyota Highander маркалы автокөлігінің жүргізушісі – Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны рульді басқара алмай, 44 жастағы елордалықтың Kia Rio маркалы автокөлігімен және Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынының Toyota RAV-4 автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.
Апат салдарынан Аршалы ауданының орталық аудандық ауруханасына үш автокөліктің жүргізушісі мен 7 жолаушы жеткізілді, оның ішінде 16 жастағы жасөспірім және нәресте бар.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: