Қоғам

2022 жылдан бастап жүктілік пен босану кезінде берілетін ең жоғары төлем өседі

Бір реттік төлем мөлшеріне ең төменгі жалақы мөлшері әсер етеді, ол келер жылдың 1 қаңтарынан бастап 60 мың теңгеге дейін өседі
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап жүктілік және босану бойынша бір реттік ең жоғары төлем мөлшері өседі.
Қазір табысы 7 ең төменгі жалақыдан (297 500 теңгеден жоғары) асатын әйелдер 1 124 550 теңге ала алады (42 500*7*4,2-10%), жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін көтерілуіне байланысты бұл сома 1 587 600 теңгеге дейін өседі (60 000*7*4,2-10%).
Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа тікелей байланысты екенін хабарлады.
"Әлеуметтік аударымдар ең төменгі 1 жалақыдан (2021 жылы 42 500 теңге, 2022 жылдан бастап 60 000 теңге) және 7 ең төменгі жалақыдан (2021 жылы 297 500 теңге, 2022 жылдан бастап 420 000 теңге) аспайтын кірістен төленеді", – деп хабарлады министрлік Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Мысалы, егер әйелдің бір жыл бойы ай сайын 500 000 теңге көлемінде табысы болса және 126 күнтізбелік күн толық мөлшерде жүктілігі және босануы бойынша демалыс алатын болса, онда төлем былай есептеледі:
500 000 * 4,2 – 10% = 1 890 000 тг.
Бұл сома жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік және босану бойынша бірреттік төлемнің ең жоғары мөлшерінен асады. Осы сомадан әйел ең жоғары тиісті төлемді алады – 2021 жылы 1 124 550 теңге және 2022 жылы 1 587 600 теңге.
Қалған соманы (765 450 және 302 400 теңге) жеке еңбек шартында көрсетілген болса, жұмыс беруші төлеуі мүмкін.
Егер соманы есептеу кезінде әртүрлі жылдардағы айлар қамтылса, ең төменгі айлық жалақы сол жылдағы көрсеткіш бойынша есептеледі (2021 жылы 42 500 теңге және 2022 жылы 60 000 теңге).
Аталған төлемнің мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалысты ресімдеген айдың алдындағы соңғы 12 айда қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады ("міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заңның 23-бабының 3-тармағы).
Жалақының нақты мөлшері әлеуметтік аударымдармен расталады. Бұл есептеу кезінде табыс мөлшері көрсетілген кезеңде қорға түскен әлеуметтік аударымдар бойынша анықталатынын білдіреді.
Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептелетінін, оны анықтау үшін орташа айлық кірісті және соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентін арттыру қажет екенін атап өтті.
Бұған дейін ең төменгі жалақының 60 000 теңгеге дейін артуына байланысты БЖЗҚ және еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткілікті шегін арттырғаны хабарланды.