НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. АҚШ ғалымдары коронавирустың таралауын шектейтін сағызға ұқсас құрал әзірледі. Бұл туралы Пенсильвания университетінің сайтында жазылған.
Вирус сілекейде көбейгендіктен, антиковидтік сағыз вирусты жоя алады, деді авторлардың бірі.
"Шанайтын зат сілекейдегі вирусты жояды. Бұл аурудың таралуын тоқтатудың оңай жолы", - деді ғалымдар тобының жетекшісі Генри Дэниелл.
Құрал ACE2 ақуызы негізінде жасалды. Өйткені оның инъекциялары ауыр инфекциялар вирусын төмендетеді.
Ғалымдар ақуызды зертханада өсіріп, өзге заттармен қосқан. Соның негізінде шайнайтын зат жасалды. Ол ACE2 рецепторын шектейді.
Ведомствода COVID-19-ға қарсы музокалды вакцина да шайнайтын таблетка немесе пастила түрінде жасалатынын атап өтті.