НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстанның Денау қаласындағы "Инденим" сауда кешенінде жарылыс болды, деп хабарлады "Информбюро" елдің төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Жарылыс түнгі сағат 3.57-де болған. Ғимараттың қабырғасы құлап, өртенді.
"Ғимаратта болған тоғыз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан екі адамның мәйіті табылды", - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі күні жарылыс себептерін анықтауға арналған комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.