АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда жас қыздың тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп өлгені туралы ақпарат тарады. Жергілікті полиция трагедияны растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде қыздың "Ақсай" шағын ауданында 12-қабаттан секіргені туралы хабарланды.
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факті Әуезов ауданы полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша тіркелді.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр.
Айта кетері, Алматыда 22 қарашада "Жетісу" шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылғы балаларымен бірге 9-шы қабаттан секіріп кетті. Олардың төртеуі де көз жұмды.
23 қарашада Қаскелеңде 41 жастағы жүкті әйел перзентхананың терезесінен секірмекші болды. Медицина қызметкерлері оның қолынан ұстап үлгеріп, құтқарып қалды.