Өңірлер

Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті

Соққы салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан — Sputnik. Павлодар облысында көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 
Жол-көлік оқиғасы Солүстік өндірістік аймақ көшесі, 85 мекенжайында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
"4 желтоқсан күні сағат 17.00-де "Ауди 100" автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі 1983 және 1982 жылдары туған екі адамды қағып кетті. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолымен өткен",  - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 
Соққы салдарынан екі адам да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: