Өңірлер

Алматыда балалар қоларбасына дәрет сындырған ер адам ұсталды

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол тәртіпсіздікті жасау кезінде мас болған
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Алматыда балалар қоларбасына дәрет сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
Түрксіб ауданы полиция басқармасының мәліметінше, бұзақылық фактісі "Жас қанат" ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде болған.
Оқиғаның видеосы бұған дейін әлеуметтік желіде тарады.
"Бейнебақылау камераларының мәліметтерін мұқият зерттедік. Айыпталушы аталған ауданда тұрмайтын болып шықты. Оның жеке басы біраз уақыттан кейін анықталды. Бүгін ол ұсталды. 1977 жылы туған С. есімді азамат, "Саяхат" автовокзалының ауданында тұрғын үйді жалға алып тұрады. Ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мүліктік қылмыс үшін жауапкершілік арқалаған", - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол тәртіпсіздікті жасау кезінде мас болған.
Ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары шешім қабылдау үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіледі.

Оқи отырыңыз: