Фото

Әкесінің қамқорлығынан құтқаруды сұраған жұлдыз: Бритни Спирс хикаясы – фото

2000 жылдары музыка әлемінде жарқ етіп жанған америкалық танымал жұлдыз Бритни Спирстің атағына көп адам қызыққанмен, тағдыры талайдың жүрегін ауыртқаны белгілі
Sputnik
Спирс жастайынан танымал лейблмен келісімшарт жасасып, әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді. 
Бүгінде америкалық поп-әнші, ән авторы және биші Бритни Спирс ханшайым бейнесімен қош айтысқанымен, 2000 жылдары қол жеткізген жұлдыз атағынан айрылмақ емес.
Өмір мен өнер жолындағы қызық пен қиыншылыққа, әлемдік танымалдылық пен терең күйзеліске қарамастан, ол өз тыңдармандары мен жанкүйерлерін жаңа әндерімен қуантудан жалықпай келеді.
Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде ол әлемге көптеген хит сыйлады. Танымалдылық шағында жас, сұлу, бақытты болғанымен, әншінің қазіргі өмірінде бәрі мінсіз емес. Алайда бірқатар музыка сыйлығының иегері, әлмдік чарттардың сүйіктісіне айналған және бүгінде қоғамды дүр сілкіндірген сот дауларының кейіпкері болған әнші оңайлықпен берілетін түрі жоқ. Соңғы жаңалықтарға сәйкес, қазір Бритни Спирстің өмірі мен өнерінде жаңа кезең басталды.
Бритни Спирс жұлдызының жануына The Mickey Mouse Club бағдарламасыы себепкер.
1992 жылы Бритниді осы танымал музыкалық жобаға қабылдаған болатын. Сол шақта көрермендер болашақ поп-жұлдызды алғаш рет көгілдір экраннан көрді.
"Микки Маус клубы" телебағдарламасы 1950 жылдардан бастап 1990 жылдардың ортасына дейін түрлі форматта және бірқатар үзіліспен Америка телевидениесінде көрсетілді.
90-жылдары танымал болған бұл жоба әлемге Джастин Тимберлейк, Кристина Агилера, Райан Гослинг сынды көптеген жұлдызды тарту етті.
Америкалық мегажұлдыз әлемді қайта таңғалдыра ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетеді. Әзірше әкесінің шамадан тыс бақылауы мен қамқорлығынан азаттық сұрап, сотқа жүгінген Бритни Спирстің таңдаулы суреттерін тамашалаңыздар.
1 / 23
Бритни Джин Спирс 1981 жылдың 2 желтоқсанында Американың Миссисипи штатындағы Маккомб қаласында дүниеге келген. Суретте: Поп-әнші Бритни Спирс Лос-Анджелесте өткен жыл сайынғы 26-шы American Music Awards сыйлығын табыстау шарасына қатысуда, 1999 жылдың 11 қаңтары
2 / 23
Оның "...Baby One More Time" деп аталатын альбомы Спирсты әп-сәтте бүкіл әлемге танымал етіп, альбоммен аттас әні Billboard Hot 100 чартында көш бастады. Бритнидің бірінші альбомында бес хит болды. Оны "жасөспірімдердің періште жүзді патшайым" және "кәмелет жасына толмаған соңғы жылдардағы ең дарынды поп-идол" деп атады. Суретте: Бритни Спирс Цюрихтегі концерті басталар алдында суретке түсіп тұр, 2000 жыл, 25 қазан
3 / 23
Toxic синглы үшін Спирс алғашқы "Грэмми" сыйлығын алды. Суретте: әнші Бритни Спирс MTV Video Music Awards марапатын табыстау кезінде жыланмен бірге ән шырқап тұр, 2001 жылдың 6 қыркүйегі, Нью-Йорк
4 / 23
1992 жылы Бритни Спирсті The Mickey Mouse Club танымал музыкалық жобасына қабылданды. Осы кезде Америка қоғамы болашақ мегажұлдызды алғаш рет көрді. Періште жүзді мектеп оқушысының дарынын алғаш болып Jive Records дыбыс жазу компаниясы байқады. 1997 жылы Бритни небәрі 15 жаста болатын. Ол лейблмен алғаш рет келісімшарт жасасты
5 / 23
Спирстің Oops!… I Did It Again атты екінші пластинасы 2000 жылдың көктемінде жарық көрді де, оның поп-жұлдыз деген атағын шегелей түсті. Суретте: Бритни Спирс Помпано-Бич Амфитеатрындағы музыкалық тур кезінде
6 / 23
Спирс кино әлемінде де өз бағын сынап көрді. Ол 2002 жылы жарық көрген "Қиылыс" фильмінде басты рөлді сомдады, түрлі теле-шоуға қатысты. Суретте: Поп-жұлдыз Бритни Спирс өзі түскен фильм бойынша Стокгольмдағы қонақ үйде өтіп жатқан баспасөз конференциясына қатысып, суретке түсуде
7 / 23
Біршама үзілістен кейін 2007 жылдың қазанында Blackout альбомы тыңдарманға жол тартты, альбомдағы алғашқы сингл Gimme More әлемдік хитке айналды. Piece of Me әні үшін Спирске үш марапат берілді: үздік поп-ән, үздік әйел видеосы және 2007 жылғы үздік видео үшін. Суретте: жүкті Бритни Спирстің Токио метросындағы суреті
8 / 23
Майкл Джексон мен Бритни Спирс Нью-Йорктегі Мэдисон-Сквер-Гарденде өнер көрсетіп жатыр, 2001 жыл, 7 қыркүйек
9 / 23
Бритни Спирс Лос-Анджелестегі Jingle Ball 102,7 KIIS FM шарасында ән айтып жатыр, 2016 жылдағы желтоқсан
10 / 23
Америкалық поп-жұлдыз бас-аяғы 9 студиялық альбом шығарды. Оның ішінде Glory альбомы да бар, Әлемде олардың 100 миллионнан астам көшірмесі сатылды. Суретте: әнші Бритни Спирс Лондондағы Apple Music музыка фестивалінің сахнасында тұр, 2016 жылдың 27 қыркүйегі
11 / 23
Ол әлемдегі ең табысты әншілердің біріне айналды. Қоржынында жаңа сингл мен альбомдардың сатылымы бойынша бірнеше Гиннесс рекорды, MTV Video Music Awards алты сыйлығы, Грэмми мен Billboard Music Awards марапаттары, Голливуд даңқ аллеясыда жұлдызы бар. Суретте: әнші Бритни Спирс Лос-Анджелестегі The X Factor шоуныа қатысуда, 2012 жыл, қыркүйек
12 / 23
Оның ұлдары Шон мен Джейден 2005 жылдың қыркүйегі мен 2006 жылдың қыркүйегінде дүниеге келді. Поп-жұлдыздың жеке өмірі үнемі қоғам назарында болды. Әншінің 2004 жылы Кевин Федерлайнмен некеге тұруы, ажырасу процесі мен балаларды бағып-қағу құқығы үшін тайталас та қызу талқыланды. Суретте: Бритни Спирс ұлдарымен бірге "Смурфиктер-2" мультфильмінің тұсаукесеріне келді, 2013 жыл, шілде
13 / 23
Бритни Спирс ойын-сауық саласындағы әлемнің ең бай әйелдері мен поп-мәдениет саласындағы ұлы тұлғалар тізіміне бірнеше рет енді. Суретте: Мьянма дүкенінің алдындағы америкалық әнші Бритни Спирс постері, 2002 жылдың сәуірі
14 / 23
2021 жылы Time журналы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізіміне енгізді. Суретте: әнші Бритни Спирс Голливудтағы жанкүйерлерімен бірге
15 / 23
2007 жыл Бритни үшін күрделі кезеңге айналды. Ол күйзеліске тап болып, алкоголь, есірткіге тәуелді бола бастады. Бұл жағдай күйеуі Кевин Федерлайнмен ажырасуымен шиеленісе түсті. Ол екі ұлымен кездесу құқығынан айырылды және осы жылы сүйікті тәтесі көз жұмды. Бұл жағдай әншінің терең күйзеліске тап болуына әсер етті. Суретте: Бритни Спирс пен Рианна Лас-Вегаста Billboard Music Awards марапатын табыстау кезінде ән айтуда, Невада
16 / 23
2008 жылдан бастап сот шешімімен әншінің шығармашылыққа және қаржыға қатысты барлық ісін әкесі Джейми Спирс басқаратын болды. Суретте: парсы постеріндегі әнші Бритни Спирс
17 / 23
Джейми танымал қызының қаражатын оңды-солды шашпай, оны қатаң бақылауда ұстады. Бритни оның рұқсатынсыз тіпті бір доллар жарата алмады. 2017 жылдың 13 маусымында түсірілген мына суретте Бритни Спирс Тайваньдағы концерті кезінде ән салып тұр
18 / 23
Бритни Спирс көп жыл бойы әкесінің қамқорлығынан құтылуға тырысты. Өз ін түрмеде жүргендей сезінетінін айтты. Суретте: Бритни Спирс ABC телеарнасындағы "Қайырлы таң, Америка" бағдарламасында өнер көрсетуде, 2008 жыл, желтоқсан
19 / 23
2008 жылы Бритнидің әке қамқорлығынан босатуға үндейтін #FreeBritney фанаттар қозғалысы басталды. Бұл қозғалысқа Шер, Пэрис Хилтон пен Майли Сайрус сынды танымал жұлдыздар да қолдау көрсетті. Суретте: Мадам Тюссо музейінің қызметкерлері Бритни Спирстің балауым мүсінін реттеп жатыр, 2009 жылдың маусымы
20 / 23
2019 жылы әншінің тыңдармандары Спирс барлық концертін кейіне қалдырып, әлеуметтік желідегі парақшаларын бұғаттап тастағанына қатты алаңдады. Әртіс "еркіндікке қол жеткізбейінше сахнаға шықпаймын" деген талабын осылай жеткізді. Суретте: америкалық әнші Бритни Спирс "Олимпийский" спорт кешенінде ән шырқап тұр
21 / 23
Сот отырысында Бритни 13 жыл бойы көптеген психиатриялық тексеру және мәжбүрлі емдеуден өз еркінен тыс өткенін мәлімдеді. Бритнидің айтуынша, әкесінің шамадан тыс бақылауы оған зиян келтірген. Достарымен сөйлесуге, кештерге баруға, сүйген адамымен көңіл қосуға және бала босануға тыйым салынды. Суретте: Миланда италиялық модельер Донателла Версаче поп-жұлдыз Бритни Спирстың шашын түзетіп жатыр
22 / 23
2021 жылдың 12 қарашасында сот әншіні туған әкесі Джейми Спирстің қамқорлығынан босатты. Суретте: Бритни Спирс фанаттары Лос-Анджелестегі Стэнли Моск сот ғимаратының алдына жиналып, әншіге қолдау білдіруде, 2021 жыл, 14 маусым
23 / 23
Биыл 40 жасқа толған Бритни Спирс үшін әке қамқорлығынан азат болу ең үлкен сыйлыққа айналды. Ол осы жағдайға қатысты өз Instagram парақшасында былай деп жазды: "Мен ән салып, би билеп немесе жай ғана сөйлеп тұрғанымды көрген адамдар менің жақсы адам екенімді, менің де көңілім толатындай өмір сүріп жатқамынды білгенін қаладым". Еркіндікке қол жеткізген Бритни өз сүйгені Сэм Асгаримен сөз байласқанын хабарлады. 5 жылдан бері кездесіп жүрген жұп енді тойға дайындалып жатыр. Суретте: Нью-Йорктегі Мэдисон-Сквер-Гарденде MTV Video Music Awards шарасында ән салып жатыр