НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Полиция Ақтауда жолдың қақ ортасында төбелескен жастардың жеке басы мен жанжалдың себебін анықтап жатыр.
Жастардың жаппай төбелесі 4 желтоқсанда түнде түсірілген. Оқиға 27 шағын ауданда болған, деп хабарлады "Лада".
Кадрда бірнеше жігіт пен қыздың төбелесіп жатқанын көруге болады.
Олар көлік жүретін жолдың ортасында тұр.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жерге көп ұзамай жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері келді.
Жергілікті полиция оқиғаға қатысты түсініктемені кейін беретінін мәлімдеген.