НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан — Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан 2014 жылы неге Қырымды мойындау бойынша дауыс беруден неге қалыс қалғанын айтты.
"Qazaq. History of the Golden Man" фильмінің режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында Назарбаев мәселенің түп-төркінін жақсы білетінін атап өтті.
"Референдум болды (Қырымды Ресейге қосу бойынша - Sputnik). Біз Қырымды Ресейге тиесілі деп танымадық. Өйткені Осетия, Абхазия, Косово да мойындауымызды сұрап отыр еді", - деді ол.
Елбасы Қазақстан сол кезде Украинаны да қолдамағанын еске салды. Ол Украинаның сол кездегі басшысы Петр Порошенко одан Украинаның позициясын қолдауды және Ресейге қарсы шығуды сұрағанын айтты.
"Мұның бәрі Киевте болған төңкерістен туындады. Мен Украинаны жақсы көремін, онда оқыдым, болып жатқан оқиғалар үшін уайымдаймын", - деді Назарбаев.
2014 жылы ақпанда Украинадағы төңкерістен кейін Қырым мен Севастополь билігі Ресеймен қайта қосылу туралы референдум өткізді. Оған дауыс беру құқығына ие болғандардың 80%-тен астамы қатысты. Ресеймен қосылуды 96,7% және 95,6%-і таңдады.
18 жылдың 2014 наурызында Ресей президенті Владимир Путин Қырым Республикасы мен Севастопольді Ресей Федерациясына қабылдау туралы келісімге қол қойды. Ал 21 наурызда құжатты федералды жиналыс ратификациялады. Киев Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп танудан бас тартты.