Қоғам

Қазақстандық актер қайтыс болғаннан кейін марапатталды

Көзі тірі кезінде белгілі актерде халық немесе еңбек сіңірген әртіс атағы болмаған. Сондықтан отбасы награданы ерекше ықыласпен қабылдағанын жеткізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан — Sputnik. Фархат Әбдірайымовқа қайтыс болғаннан кейін "Отандық кинематографтың дамуына қосқан үлесі үшін" наградасы берілді. Бұл туралы Instagram парақшада марқұмның отбасы хабарлады.
Фархат Әбдірайымов
Награда "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдердің IX кинофестивалі актеріне тағайындалды. Әбдірайымов бұл шараның қазылар алқасының мүшесі болған.
"Әкемде халық немесе еңбек сіңірген әртіс атағы болған жоқ. Алайда ол әрдайым мейірімділік, табандылық пен әділдіктің бейнесі еді. Сондықтан "Отандық кинематографтың дамуына қосқан үлесі үшін" наградасын ерекше ықыласпен қабылдадық", - делінген жазбада.
Фестиваль ұйымдастырушылары сыйлықты актердің әйелі Виктория Әбдірайымова мен ұлдары Асан және Темірлан Әбдірайымовқа табыстады.
Қазақстандық актер Фархат Әбдірайымов биыл 21 мамырда Тбилисиде түсірілімде көз жұмды. Әбдірайымовтың туыстары актердің қазасына инфаркт себеп болғанын хабарлады.