Өңірлер

Павлодар тұрғыны енесімен төбелесті

67 жастағы зейнеткер немересінің сабағына көмектесіп отырған кезде бала байқаусызда саусағын дәптердің шетіне кесіп алған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Павлодарда енесі мен күйеу баласы төбелесті.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, қайын енесі баласының қолын кескенін айтып шағымданған.
"Шақыртуға шыққан учаскелік полиция инспекторы 34 жастағы тұрғын енесінен балаларымен бірге отыруды өтінгенін анықтады. 67 жастағы зейнеткер немересінің сабағына көмектесіп отырған кезде бала байқаусызда саусағын дәптердің шетіне кесіп алған. Үйге оралған күйеу бала баланың саусағындағы қанды көріп, ашуланып кеткен. Туыстар арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласқан", - дейді департаменттегі мамандар.
 Аталған факті негізінде жанжалға қатысушыларға Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.
Оқи отырыңыз: