НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жаңа жылдық шыршаның жағылатын уақытын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жаңа жылдық шыршаны Тәуелсіздік күнінен кейін жағатын боламыз", - деді Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда қала басшысы жаңа жылдық шыршаға бюджеттен ақша жұмсалмайтынын айтты. Себебі жасанды шыршаны бұрын алып қойған. Оны жыл сайын құрып тұрады.
Ал Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылады. Соның ішінде 7 жаңа мектеп те бар. Осылайша 20 мың астаналық оқушы жаңа ғимаратта білім алады.