Оқиға

"Әкеме 20 рет пышақ сұққан": дәмханада болған оқиғаның мән-жайы анықталды

Таныс екі адамның арасындағы жанжал спирттік ішімдікті бірге ішкен кезде болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қостанайда дәмхананы жалға алған ер адамға жас жігіт 20 рет пышақ сұққан. Жәбірленушінің қызы әлеуметтік желіде қанды оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"27 қарашада Қостанай қаласындағы "Сарыкөл" дәмханасында әкеме 20 рет пышақ сұққан. Сол кезде маңызды ағзаларға (бауыр, асқазан, өкпе) зақым тиді. Қылмыскер жарақат салғаннан кейін жедел жәрдем шақырған. Ал өзі оқиға орнынан қашып кетіпті. Әкеме ауыр ота жасалды. Ол жансақтау бөлімінде жатты. Қазір, құдайға шүкір, жалпы палатаға ауыстырды", - дейді жас қыз.
Облыстық полиция департаменті осы оқиға бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. Ауруханаға түскен ер адам 30 қараша күні арыз жазды.
"Күдікті ұсталып, Қостанай қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Таныс екі адамның арасындағы жанжал спирттік ішімдікті бірге ішкен кезде болған. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - дейді полицейлер.
Оқи отырыңыз: