Бұрынғы уақытта үйдегі кеміргіштермен күресу және үй-ауланы күзеті үшін ғана қажет болған жануарларды қазір үйдің қақ төрінен кездестіруге болады. Кейбір иелері оларға арнайы киіп тіктіріп, сән көрсетіліміне де қатыстырады.
Сонымен қатар күздің соңғы күнінде үй жануарларының күнін атау әдетке айналған. Бұл бейресми мереке әлемнің көп елінде аталады. Дата адам баласына өз қамқорлығына алған жануарларға қамқорлықпен қарауды еске салады.
Жануарлардың құқығын қорғау және оларға қатысты зорлық пен қатыгездікті жазалау мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі уақытта әлемнің түкпір-түкпірінде осы тақырыпта түрлі акциялар, флешмобтар мен қаражат жинау шаралары өтуде.
Мұндай шаралар адам баласын аң-құс пен жан-жануарға мейірімділік танытуға, оларды жақсы көруге және қамқорлық танытуға үгіттейді. Бұл, әсіресе, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аса маңызды.