Қоғам

Маман кейбір адамдар телефонды дұрыс зарядтамай жүргенін айтты

Ол телефондардың заманауи аккумуляторы да тозады, бірақ мұның зарядтауға еш қатысы жоқ деген пікірде
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Көптеген адам телефон қуаты толықтай таусылғанда ғана зарядтау дұрыс деп санайды. Алайда бұл бұрыннан қалған әдет, деп түсіндірді Sputnik радиосына Content-review.com агенттігінің жетекшісі Сергей Половников.
Оның айтуынша, мұндай ескі ереженің заманауи құрылғыларға қатысы жоқ.
"Бұрын аккумуляторлар мен энергияны қажет ететін технологиялар өзгеше жасалған. Ол кезде телефон қуатын толықтай бітіріп, қайта қуаттаған дұрыс болған шығар. Қазір мұндай кеңес мүлдем қисынсыз көрінеді", – деді Сергей Половников.
Ол телефондардың заманауи аккумуляторлары да тозады, бірақ мұның зарядтауға еш қатысы жоқ деген пікірде.
"Қуат деңгейін тексерудің орнына смартфон батареясын дер кезінде ауыстыруға мән беру керек. Уаұыт өте келе барлық гаджет батареясының жұмысы нашарлайтынын түсіну қажет", – деді Половников.
Маман стандартты заманауи аккумулятор екі жылға шыдайтынын атап өтті. Кейін сыйымдылығын жоғалта бастайды.