Әлем

Ғалым қандай вакциналарды бір уақытта алуға болатынын түсіндірді

Ресейдегі Гамалея орталығының басшысы "Спутник Лайт" пен мұрын вакцинасын бірге қолдануға болатынын айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Коронавирусқа қарсы "Спутник Лайт" пен мұрын вакцинасын бірге салуға болады, деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург.
"Оның ағзаға еш зияны жоқ", - деді ол.
Қазанның ортасында Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі Гамалея орталығы дайындаған "Спутник" тобындағы SPRAY 08-Гам-КОВИД-Вак-2021 спрейіне клиникалық сынақ жүргізуге рұқсат еткені белгілі болды.
Гинцбург мұрын препаратының жанама әсері анықталмағанын мәлімдеді. Оның орынбасары Денис Логуновтың айтуынша, мұндай процедура ауыртпалықсыз өтеді. Сондай-ақ, жоғарғы тыныс жолдарында коронавирусқа қосымша кедергі тудыру үшін қолданылады.
Қарашаның соңында Ресей президенті Владимир Путин "Спутник Лайт" препаратымен қайта вакцина салғызып, бірнеше күннен кейін мұрын вакцинасын қабылдады. Көрші ел президентінің айтуынша, одан кейін ешқандай жағымсыз әсер туындамаған.