"Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында ант қабылдау рәсімінен салтанатты түрде өттік. Ант қабылдау мен үшін үлкен мәртебе. Себебі Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Отан алдындағы борышымды өтеуге әскери ант қабылдадым", - дейді қатардағы жауынгер Ермек Жаңабай.
Салтанатты іс-шаралар Ақтау, Сарыөзек, Шымкент және Қапшағай гарнизондарында өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні Нұр-Сұлтан қаласындағы десанттық-шабуылдау бригадасында жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өтті.