НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың 20-30 жылдан кейінгі келбетін қалай елестететінін айтып берді.
"Арман болмаса, өмір сүру қиын. 20-30 жылдан кейін Нұр-Сұлтан 3-4 миллион адам тұратын үлкен қалаға айналады. Қала әлемдегі ең ірі қалалардың қатарына қосылады", - деді Елбасы "Қазақстан" телеарнасында көрсетілген "Тұңғыш" фильмінде.
Назарбаев елорданың Азия мен Еуропа арасындағы ең ірі қалаға айналғанын армандайды.
Елбасы қалада (Нұр-Сұлтанда) өзеннің болуы әрдайым ұнағанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл ерекше мәнге ие.
"Жайықтың жағасында Атырау тұр, ол уақытта өте жүдеу еді. Қызылорда Сырдарияның бойында орналасқан – ол жақтың жағдайы өте нашар, экология. Ал Нева бойындағы Санкт-Петербург, Мәскеу өзенінің жағасындағы Мәскеу секілді елорданың өзен бойында тұруы – бұл ерекше айқын көрініс. Қазақстанда ортасынан өзен ағып жатқан жалғыз қала. Қазақстанның салыстырмалы орталығы", - деп түйіндеді Назарбаев.
Оқи отырыңыз: