НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының балықшылары алып құртқа пен жыланға көбірек ұқсайтын балық аулап алды.
Мұндай балықтың түрін жергілікті тұрғындар бұрын-соңды көрмеген, деп жазды ATPress.kz.
Балықтың денесі қабыршақсыз, жылан текстес. Ауызы да үлкен, тістері мүйізге ұқсайды. Ол сирек кездесетін түрге жатады және Қызыл кітапқа енгізілген болып шықты.
"Балықшылардың бірі өзеннен ескі етіп тауып алды. Оның ішінен мына балық шықты. Бастапқыда біз оны жылан деп ойладық. Содан кейін зер сала қарап, балық екенін байқадық. Оның бірнешеуі қашып кетті. Мұндай балықты бұрын-соңды осы өзеннен көрмеген едік. Интернеттен қарап, оның минога екенін білдік. Ол негізінен Ресей, Финляндия, Латвия, Швеция, Эстонияда мекен етеді", - дейді тәжірибелі балықшы Дмитрий Соколинский.
Белгілі болғандай, балықтың бұл түрі баяу ағатын суларда мекен етеді. Ал буырқанып ағатын және мүлдем ақпайтын суларды жақтырмайды.
Өзен миногасы тек таза суда мекендейді. Сондықтан ол судың экологиялық жағдайының индекаторы десе де болады.
Оның мекен ететін жері кіші өзендер. Олар көбінесе су астындағы жынысқа көміліп жасырын өмір сүреді. 5-6 жылдан кейін уылдырықтарынан ересек балық туындайды. Миноганың ұзындығы 10-100 сантиметр аралығында болады. Оның адамға еш қаупі жоқ.