НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Алматыда әйел киімін киген ер адам пәтерге ұрлыққа түсіп, 4 миллион теңгенің гауһар тасын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөй тұрғындардың пәтеріне кілт таңдау арқылы кіріп, негізінен, зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлаған. Бірнеше рет камераларға да түсіп қалыпты.
"Осыдан кейін ол әйелдер киімі мен парик киіп ұрлыққа түсе бастайды. Соңғы рет қараша айының басында Жетісу-2 шағын ауданындағы пәтерді тонаған. Үйден төрт миллион теңгенің гауһар тасын жымқырған", - деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған ер адам – 50 жастағы Ресей тумасы. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған.
Қазіргі таңда алматылық полиция күдіктінің сегіз ұрлыққа қатысы барын дәлелдеді. Күдікті қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.
Оқи отырыңыз: