НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. 2 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды. Қазгидромет Нұр-Сұлтанда, Шымкентте және 10 облыста дабылды ескерту жариялады.
"2 желтоқсан күні Нұр-Султан қаласында тәуліктің екінші жартысында көктайғақ болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді", - делінген ресми хабарламада.
Шымкент қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан қатты жел соғады.
Қостанай облысының солтүстік-батысында және шығысында көктайғақ, тұман болып, бұрқасындатады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ал Қостанай қаласында көктайғақ және қатты жел соғады.
Ақтөбе облысының солтүстік жартысында көктайғақ сақталады. Ақтөбенің өзінде түнде көктайғақ күтіледі.
2 желтоқсанда Қызылорда облысының орталығында оңтүстіктен соққан жел батысқа ауысады, күші секундына 15-20 метрге дейін болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының батысында және солтүстігінде шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында таңертең және күндіз күші секундына 15-20 метрге дейін болады, таулы аудандарда екпіні - 15-20 м/с.
Ал Түркістан қаласында күндіз шаңды дауыл, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Қарағанды облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында көктайғақ болады.
Павлодар облысының оңтүстігінде күндіз жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақмола облысында таңертең және күндіз солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Көкшетау қаласында оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.