НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласының шағын аудандарының бірінде өрт шықты. Құрылысы бітпеген үйдің қасбеті өртенді.
"1 желтоқстанда сағат 12.30-да Ақтау қаласының 38 шағын ауданындағы "7 қазына" тұрғын үй кешенінің қасбеті өртенді", - деп хабарлады Ақтау қаласының әкімдігі.
Өрт 40 минуттаң кейін сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Әкімдік мәліметінше, мерекеге қарамастан төтенше жағдайлар қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.