Видео

Сегіз жыл күткен қоныстой: елордада үлескерлерге пәтер кілті табысталды – видео

Тұңғыш президент күні қарсаңында елордада "Жеті жол" проблемалық тұрғын үй кешенінің үлескерлеріне пәтер кілттері табысталды. Қала тұрғындары қоныс тойын 8 жылдан астам күтті
Sputnik

Ұзаққа созылған құрылысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің уәкілетті ұйымы "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС айналысты.

"Тұңғыш президент күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тағы бір тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. 2-кезек "Жеті жол" ТК 2018 жылы проблемалық деп танылды. Бастапқы мердігердің құрылысы 2013 жылы басталды. 8 жылдан кейін "Жеті жол" тұрғын үй кешенінің 600-ге жуық үлескері өз пәтерлерінің кілтін алды", - деді "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС Басқарушы директоры Мақсат Шаяхметов.

Айта кетейік, Елбасының бастамасымен 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы құрылды. "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС мемлекеттік бағдарлама аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ведомствоаралық комиссиясы ұсынған проблемалық нысандардың құрылысын қаржыландырады.

Компанияның басқарушы директорының айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін әкімдік "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС алдына 7,5 мың үлескер бар 18 объектідегі 57 үйдің проблемасын шешу міндетін қойған. Оның ішінде 31 үйдің мәселесі шешілді, 4,3 мыңнан астам үлескерге өз пәтерлерін жөндеу үшін кілттер беріледі. Елорда үлескерлерінің проблемалық мәселелерін 2022 жылдың соңына дейін шешу жоспарланған.

"Мен "Жеті жол" ТК үлескерімін. Біз пәтерімізді 8 жылға жуық күттік. Бүгін біз үшін қуанышты оқиға. Біз кілтімізді алдық", - деген үлескер Жараскан Байтасова қуанышымен бөлісті.