Қоғам

Цой ДДСҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тезірек тіркеуді сұрады

QazVac вакцинасы Қазақстанда бір жарым жылға уақытша тіркеуден өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Министр Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

"Біз COVID-19-ға қарсы қазақстандық екі вакцина туралы айтып бердік. Біреуі – инактивті  QazCovid-in (немесе QazVac) вакцинасы, екіншісі – QazCoVac-P вакцинасы. Қазақстан Республикасында QazVac 18 айға уақытша тіркеуден өтті. Ол мұсылман елдерінде жасалған жалғыз вакцина болып саналады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оған халал куәлігін берген", - деп жазды Цой әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал QazCoVac-P вакцинасы биыл маусым айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық зерттеулер фазасындағы кандидат вакциналар тізіміне қосылған болатын.

"Біз ДДСҰ басшысынан қазақстандық вакциналарды тіркеу жұмысын тездетуді сұрадық", - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ кездесу кезінде коронавирустың жаңа штамы – омикронға қарсы іс-шаралар талқыға салынды. Бүгінде вирустың жаңа үлгісі әлемнің 10 елінде анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, оның таралу қаупі жоғары және антиденелерге қарсы тұра алады.  

Айта кетері, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияға ресми сапармен барды. Президент алдымен ДДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесуспен кездескен.

Оқи отырыңыз: Мамин вакциналау жайлы: ұжымдық иммунитет үшін әлі жеткіліксіз