Өңірлер

"Көңілдесімен бірге есік ашпайды": Павлодар тұрғыны әйелінің үстінен арызданды

Бұл күні ерлі-зайыптылар қатты ұрсысып, содан кейін әйелі анасына кетіп қалғаны анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. 44 жастағы Павлодар тұрғыны үйіне кіре алмай тұрғанын айтып, полицияға хабарласқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Арызданған адам Торайғыров көшесіндегі үйде әйелі көңілдесімен бірге пәтердің есігін ашпайтынын айтқан.

Көрсетілген мекенжайға келген полицейлер пәтердің қоңырауын басқанда есікті әйелдің өзі ашты. 

Бұл күні ерлі-зайыптылар қатты ұрсысып, содан кейін әйелі анасына кетіп қалғаны анықталды. Ол күйеуінің телефон қоңырауларына жауап бермей, үйге келген қайын енесіне есікті ашпаған. 

Әйелінен өш алмақ болған ер адам, жалған ақпарат айтып, полицияға шағымданған.

Ер адам әйелімен ұрсысқанын түсіндіріп, ашулы кезінде ойына басқа ештеңе келмегенін айтты. Күйеуінің мұндай әрекетін әйелі кешірмеді және оны үйіне қайтарып жіберді. 

Полицейлер ер адамға жалған ақпарат беру заңмен қудаланатыны туралы түсіндірді.

Оқи отырыңыз: