НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. 30 қарашадан бастап қазақстандықтар JETI QAZYNA коллекциялық монеталарын сатып ала алады.
"2021 жылдың 30 қарашасынан бастап "Дала қазынасы" сериясымен шыққан JETI QAZYNA коллекциялық монеталарының сатыла бастайтынын хабарлаймыз", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Номиналы 500 теңгелік монеталар мен блистерлік жинақ www.kazcoins.nationalbank.kz платформасында Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.
500 теңгелік монеталар алтыннан және күмістен дайындалған.
Бұл монеталар төлемнің барлық түрі бойынша Қазақстанның бүкіл аумағында, олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Айналымдағы коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.
JETI QAZYNA монеталары жайлы
Ежелгі аңыз бойынша, көшпенді қазақ халқының басты жеті қазынасы болған: ер жігіт, сұлу әйел, құмай тазы, ақыл-білім, берен мылтық, жүйрік ат және қыран бүркіт.
Ақылды жар – отбасының берекесі, құмай тазы – аң аулаудағы серігі, берен мылтық – ұрыста сәтсіздікке ұшыратпайды, жүйрік ат пен қыран бүркіт – жауапты сәтте көмекші, ал жан-жақты білім – дана шешім қабылдауға көмектеседі деп есептелген.
Оқи отырыңыз: