Өңірлер

Алматыда түн ішінде ауладағы көліктерді тепкен ер адамдар ұсталды – видео

Оқиға түнде Ақсай-3 шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында болды. Полиция бұзақыларды тапты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Алматы соты үйдің ауласында тұрған бөтен автокөліктерді тепкен екі ер адамды жауапқа тартты. Видео желіде тарады.

Видеодағы адамдар анықталды. Олар: Түркістан облысының 26 жастағы тумасы, Жамбыл облысының 27 жастағы тумасы.

Жексенбі, 28 қарашада Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқықбұзушыларды жауапқа тартты. Жастар әкімшілік қамауға алынды.

Бұған қоса, ер адамдар камера алдында кешірім сұрады.

Оқи отырыңыз: Тұрақтағы көліктер жер астына түсіп кетті – жантүршігерлік видео