Өңірлер

Шымкентте мыңнан аса "Сергек" іске қосылды

Бұл бейнебақылаулар жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды автоматты түрде анықтайды. Автокөлік иесінің ұялы телефонына 1414 нөмірінен әкімшілік айыппұл тіркелгені туралы хабарлама түседі
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Шымкентте жаңа бейнебақылау камералары іске қосылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов айтуынша, Шымкент қаласы аумағында жол ережесін бұзған автокөліктерді автоматты түрде тіркейтін 100 көше қиылысына 877 бейнебақылау және 200 көше желілеріне 800 бейнебақылау жүйесі, яғни жалпы 1677 бейнебақылау орнатылды.

Бұл бейнебақылаулар жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды автоматты түрде анықтайды. Әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген кезде полиция қызметкерлері түскен құқық бұзушылықты өңдейді. Өңделгеннен кейін автоматты түрде бірден автокөлік иесінің ұялы телефонына 1414 нөмірінен әкімшілік айыппұл тіркелгені туралы хабарлама түседі. Егер автокөлік иесі ұялы телефон нөмірін қолданыстан өшіріп тастаған болса, онда оның тіркелген мекенжайына пошта арқылы хабарлама жолданады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында компьютер, принтермен жабдықталған 8 арнайы автокөлік әкімшілік айыппұлдары бар жүргізушілерге ұйғарымдарды таратып, төлеу қажеттілігі туралы ескертулер жасайды. Жүйеде пошта арқылы және ұялы телефонына жолданған хабарламаларды автокөлік иесі алғаны туралы белгі көрініп тұрады.

Шымкент қаласы аумағында қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылайтын 1500 бейнебақылау орнатылды.

Оқи отырыңыз: