Қоғам

Қазақстандықтарға процентсіз кредит алып беруге уәде еткен заңгер ұсталды

Қазір заңгердің үстінен үш адам арызданды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Алматыда азаматтарға процентсіз кредит алып беруге уәде еткен алаяқ заңгер ұсталды.

Заң компаниясында заңгер болып істейтін 29 жастағы жігіт арам пиғылын интернет сайт арқылы іске асырған. Ол адамдарға екінші деңгейлі банктер арқылы процентсіз кредит рәсімдеуге көмектесемін деп уәде еткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, ол интернетте процентсіз кредит алуға көмектесетінін айтып хабарландыру жариялаған. Тіпті, кредит тарихы нашар азаматтарға да жәрдемдесуге уәде еткен.

"Жәбірленушілермен тек WhatsApp арқылы сөйлескен. Олар ер адамға қызмет ақысын электронды аударым арқылы аударған. Ақшаны алғаннан кейін заңгер хабарландыруды өшіріп, телефонын сөндіріп тастап отырған", - деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалды полиция басқармасының басшысы Қуатбек Науатов.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ер адам қамауға алынды.

Қазіргі таңда оның үстінен үш адам арызданды.

Оқи отырыңыз: