Оқиға

Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео

Ағаш тұрақта тұрған Kia Rio көлігінің дәл үстіне құлады. Машинаның алдыңғы жағы толықтай ішіне кіріп кетті
Sputnik

АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Алматыда тамырымен жұлынған ағаш көлік үстіне құлады. Оқиға 26 қарашада Қалдаяқов - Гоголь көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ағаш тұрақта тұрған Kia Rio көлігінің дәл үстіне құлады. Машинаның алдыңғы жағы толықтай ішіне кіріп кетті.

Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео

Бұл уақытта көлік ішінде ешкім болмаған.

Оқиға орнына жедел қызметтер жетті. Қалалық қызмет мамандары діңгекті кесіп, ағашты жүк көлігіне тиеп алып кетті.

Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео

4 қарашада Алматының Медеу ауданында жазғы дөңгелекпен жүрген көлік бірнеше метрге ұшып кетіп, ағашқа тіреліп тоқтаған болатын.